Қанат Айтбаев Димаштың болашақта ұстаз болуы мүмкін екенін айтты

12:04, 12 қыркүйек 2018
367

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі ұлының болашақта ұстаздыққа бет бұруы мүмкін екенін «Айта берсін» бағдарламасында айтты, деп жазады Sn.kz.

«Димаш дипломын қолға алды. Ол жастайынан ұстаздықты жақсы көретін. Болашақта ұстаздықпен айналысуы ғажап емес. Десе де, алда не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі. Бүгінде оқуын композиция саласы бойынша жалғастырмақ ниетте. Сол себепті жұмыс арасында концерттік шаралар арқасында көптеген ізденісін қағаз бетіне түсіріп жүр. Болашақта өзінің саласы бойынша зерттеу жұмыстары нәтиже беріп жатса, оны да көре жатармыз», — деді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, әнші Димаштың өздеріне арнаған әні толықтай көңілдерінен шыққанін жеткізді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!