Қала әкімдігі: Алматыда өтіп жатқан митингі - заңсыз

13:23, 6 маусым 2020

Заңнамаға сәйкес, митинг өткізу туралы Алматы қаласының әкімдігіне хабарлама келіп түспеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласын дамыту басқармасы бүгінгі күнге дейін қала әкімдігіне бейбіт митингтер мен жиналыстар өткізу туралы ұйымдастырушылардан ешқандай ескерту келіп түспегенін айтады. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде таратылатын жатқан митингке шығуға шақырған үндеулер заңсыз болып табылады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Бүгін күшіне енген "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңда митингі өткізілетін күнге бес күн қалғанда қала әкімдігіне хабар беру қажеттігі қарастырылған.

Заңнамаға сәйкес, Алматы әкімдігін митингі жайынан ешкім құлақтандырмаған. Заңның талабы бойынша, бейбіт жиналыстарға тек арнайы жерлерде рұқсат етіледі.

Заңсыз митингті ұйымдастырған және оған қатысқандарға заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!