«Қайырымдылық дәстүрге айналсын»: Димаштың жанкүйерлері барша фанаттарға үндеу тастады

11:13, 26 мамыр 2022

© Сурет: Dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінен тағы бір қайырымдылық. Әлемнің 8 елінен жиналған Dears Нұр-Сұлтандағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» онкология бөлімінде ем алып жатқан балалар мен аналарға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер онкология бөлімінде балаларымен бірге болу үшін емделу кезінде оларға күтім жасау үшін өз отбасыларын, жұмысын, үйін тастап, Нұр-Сұлтанға көшуге мәжбүр. Ауруханалар аналарды тамақпен қамтамасыз етпейді. Қазір орталықта Қазақстанның барлық облысынан 134 бала емделіп жатыр.

16 мамырда «Welcome to Kazakhstan, Dears» фан-парақшасының әкімшілері балалары «Ана мен бала ұлттық орталығында» онкологиямен күресетін аналарға көмектесу үшін қайырымдылық акциясы басталғанын хабарлады.

Dears аурухана бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерімен байланысқанда мамандар ең мұқтаж 15 әйелге көмектесуге кеңес берді. Оның ішінде жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар, сонымен қатар жетім қалған немересіне қамқорлық жасайтын әжелер бар. Димаштың жанкүйерлері ұйымдастырған қайырымдылық туралы Dimashnews.com сайты хабарлады.

Қайырымдылық акцияны әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears қызу қолдады. Осылайша, оған Димаштың Португалия, Исландия, Германия, Франция, Италия, Норвегия, АҚШ және Қазақстаннан жанкүйерлері қатысты. Dears бірлескен күшімен 585 000 теңге жиналды. 24 мамырда ақша «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» берілді. Әрбір мұқтаж әйелге 39 000 теңгеден берілді.

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемдегі барша жұлдыздың фанаттарына үндеу тастады. Олар танымал адамдардың жанкүйерлері арасында қайырымдылық ұйымдастыру трендке айналса дейді.

Шағын сома болса да, олардың маңызды күнделікті қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді деген үміттеміз. Бірнеше күнде Франция, Италия, Португалия, Исландия, Норвегия, АҚШ және Қазақстаннан келген Димаштың жанкүйерлері 585 000 теңге жинады. Сол үшін біз оларға алғысымызды білдіреміз. Біз қайырымдылық акциялары барлық жұлдыздың жанкүйерлері арасында дәстүрге айналады деп үміттенеміз,- деді – Welcome to Kazakhstan, Dears! фан-парақшаның әкімшілері.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!