«Қайраттың» капитаны Бразилияның жеңілісін ауыр қабыл алды: Осылай ұтылу деген...

01:27, 10 желтоқсан 2022
267

© Сурет: twitter/fifaworldcup

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита Instagram-дағы парақшасында Қатарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін болған ойында Хорватиядан Бразилияның пенальтиден жеңіліп қалғанына зор өкініш білдіріп, өз пікірін жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Көңілім түсіп кетті, қатты қапалымын. Осылай ұтылу деген... Біздікілердің қақпаға тура бағыттаған добы - 11, ал оларда біреу-ақ. Тең ойын болды, пенальти берілді. Өкініш өзекті өртеп барады. Соңғы үш әлем чемпионатындағы Нидерландыға, Германияға, Бельгияға қарағанда көбірек жақсы ойын өрнегін көрсеттік, осы жеңіске лайық екендігімізді таныттық. Тіпті, сөзім жоқ енді. Басым әңкі-тәңкі, қара қазандай. Енді Бразилия футболының қандай болатынын таныту үшін жас буынға жанталаса жұмыс істеу керек және келесі әлем чемпионатында жеңіске жету қажет, ең кем дегенде финалға шығуымыз тиіс. Көңілімді мұң басты", - деп жазды Игита желідегі парақшасының storis-інде.

Игита Бразилияның тумасы екенін еске саламыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!