«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

16:37, 15 маусым 2021

© Сурет: видеодан кадр

Алматылық "Қайраттың" УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін тартылған жеребеде Қазақстан чемпионына Израильдің "Маккаби Хайфа" клубы түсті.

"Маккаби" – Израильдің 13 дүркін чемпионы.

Алғашқы матчты "Қайрат" 6 немесе 7 шілдеде сырт алаңда өткізеді. Қарымта ойын 13-14 шілдеде Алматыда өтетін болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!