Қайрат Нұртас жетімдер үйінің тәрбиеленушісіне өз костюмін сыйға берді

10:18, 26 сәуір 2018

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас жетімдер үйінің тәрбиеленушісіне KN сауда белгісі бар өз костюмін сыйға тартты, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған мекемеде тәрбиеленіп жатқан балаларға Қайраттың концертіне билетті полицейлер сатып әперіпті.

Ыңғайлы сәтті падаланған 10 жасар Аркадий болса танымал әншіні тіл-көзден сақтап жүрсін деп оған тұмар сыйлады. Қайрат та қарап қалған жоқ, ол өз гардеробындағы костюмдердің бірін алып, кішкентай баланың иығына жапты. Кейін ол екеуі сахнада тұрып қазақ тілінде ән шырқады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!