Қайрат Нұртас мәз. Әйелі «Әлем аруы-2020» байқауында озып келеді

14:39, 3 желтоқсан 2020

Әлем аруы атанғысы келген Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова байқаудың онлайн дауыс беру кезеңінің үшінші күнінде көш басына шығып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Дауыс беру 1 желтоқсанда басталған, ал 3-ші желтоқсанда Жұлдыз Әбдікәрімова 29 516 дауыс жинап алып, қалған 83 арудан озып келеді.

Бірақ дейтін бір тұсы бар екен. Жұлдыздың анкетасында "Mrs Kazakhstan" титулының иегері деген жазба жүр. Бұл қаншалықты рас? Актрисаның өмірбаянында ондай атақ алғаны туралы бұрын ештеңе жоқ еді.

Қазақстанның атынан бұл байқауға тағы бір отандасымыз, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова да қатысуда. Бірақ оған қазірге дейін 780 дауыс қана беріліпті.

Айтпақшы, дауыс беру ақылы. Әр дауыс бергенің 5 доллар екен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!