«Қайрат» Еркебұлан Сейдахметті жалға беріп жіберді

22:07, 9 тамыз 2020

"Қайраттың" жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Жетісу" сапына ауысты, деп хабарлады алматылық клубтың баспасөз қызметі.

20 жастағы Сейдахмет "Жетісуда" жалға ойнайтын болады. Ол "Жетісу" жейдесіне жыл соңына дейін өнер көрсетеді, деп жазады vesti.kz.

"Футболшының ойын практикасын көбірек алу үшін өзі басқа командаға ауысу туралы ниет білдірді. Клуб қарсы болған жоқ. "Қайрат" Еркебұланға "Жетісу" сапында жақсы ойнап, жетістікке жетуін тілейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Сейдахмет "Қайрат" сапына 2019 жылы ауысып келді. Биыл ол алматылық клуб сапында 12 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!