Іздеуде жүрген медициналық мекеменің бас есепшісі ұсталды

12:14, 6 желтоқсан 2019

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жедел іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу бойынша аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деген күдікпен халықаралық іздестіруде жүрген "Меновное ауылының дәрігерлік амбулаториясы" ШЖҚ КМК-ның бас есепшісі ұсталып, Өскемен қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды zakon.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 38 млн теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатын өзінің карточкалық шотына заңсыз аудару арқылы ұрлады деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде, басқа ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!