Испанияның жігері құм болды, тура Ресейдегідей – БАҚ

00:00, 8 желтоқсан 2022

© Сурет: twitter/fifaworldcup

"Қош бол, әлем чемпионаты. Тура төрт жыл бұрынғыдай, 2018 жылғы Ресейдегідей. Дәл сол кездегідей жігеріміз құм болып, басымызды қабырғаға соғудамыз". Эктор Мартинестің шетелдік басылымда жарық көрген мақаласы осылай басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Испания Мароккодан ұтылып қалды. Осылайша Қатарды артқа тастап кете барды. Қоржындарында бір жеңіс бар. Біздің көңілімізге медеу болған - Коста-Риканы (7:0) ұтқан жеңісі, біздің әлі де футбол патшасы екендігімізге бір сәтке сендірген жеңіс. Бірақ, айналып келгенде, біз бар болғаны қайыршы пақыр екенбіз. "Нәтижеге менің түкіргенім бар", - деді бас бапкер Луис Энрике ойын алдында. Қазір оның осы сөзі - маңдайымызда басылған таңбадай "айқайлап тұр". Сөзге келгенде абай болу керек қой. Испания өте нашар ойнады, Мароккоға пенальтиден ұтылып қалды. Олар сонысымен де әлем чемпионаты тарихына енді. Өйткені бұл құрама ешқашан ширек финалға жақындап та көрмеген. Ал осы кезеңді еш қиналыссыз мың рет еңсерген Испания енді уақытша бұрышқа кетуге мәжбүр. Ойлансын, не болғанын, - деп championat.com Эктор Мартинестің жазғанын келтіреді.

Айта кетсек, 6 желтоқсанда Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалының соңғы қатысушысы анықталды. Бұл жолдамаға Испания мен Марокко құрамалары таласты. Марокко құрамасы Испанияны жеңіп, сенсация жасап, өз тарихында алғаш рет мундиалдың ширек финалына жолдама алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!