Ішкі нарықтағы газдың көтерме саудадағы шекті бағасы бекітілді

10:24, 25 мамыр 2020
188

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газдың көтерме саудадағы шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шекті баға 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымына дейін бекітіліп, белгіленді.

Сонымен, Нұр-Сұлтанда газдың мың текше метр үшін шекті баға ҚҚС-сыз 24 537 теңгені, Алматыда - 19 405 теңгені, Ақтөбе облысында - 5 574 теңгені құрады.

Барлық аймақтарда тауарлық газдың саудадағы ең жоғары бағасы төмендегі кестеде көрсетілген:

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір