Ірі шенділерді тергеген Кексель ешқайда қашпапты. Бас прокуратура түсінік берді

12:57, 20 қараша 2019

ҚР Парламенті Мәжілісіі дәлізінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Олеся Кексельдің де аты аталатын құқық қорғау органдарының азаптауға қатысты мәлімдемесіне түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі азаптауға қатысты тергеу басталғандығы туралы хабарлаған болатын, оның ішінде Бас прокуратураның Қылмыстық ізкесу қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің де аты аталады.

- Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алдын ала тергеу, сотқа дейінгі тергеу оған толық баға береді. Сондықтан, бүгін бірдеме деуге әлі ерте, бұған олардың кінәлі-кінәлі еместігін тек сот шеше алады. Фактілердің барлығы тексеріліп, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады. Сондықтан бүгін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және соңғы шешім қабылданғаннан кейін барлық мәлімет жария етіледі, - деп түсіндірді Ахметжанов.

Ол кәсіпкер Ерлан Набиевтің шағымынан кейін істің қолға алынғанын айтты.

- Бүгін осы факті бойынша қылмыс ресми тіркеуден өтті. Кез келген заңсыз тергеу әдістері, егер ол дәлелденсе, ол сотта дәлел ретінде қабылданбайды. Мұның бәріне сот баға береді. Қолданыстағы қылмыстық заңнаманы бұза отырып алынған кез-келген дәлелдемелерді сот жарамсыз деп тануы мүмкін, - деді Ахметжанов.

Бас прокурордың орынбасары бүгіндері Кексельдің Қазақстанда екенін және оны Бас прокуратурадан өз еркімен жұмыстан шыққанын еске салды.

Кексель бұдан бұрын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеу басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Ол бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметовтің, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың, Денсаулық сақтау министрлігінің фармацевтика комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пактың жемқорлыққа қатысты аса маңызды істерді тергеумен айналысқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!