Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар

09:34, 2 шілде 2022

© Сурет: PxHere

Иранның оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі орын алып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2 шілдеде Fars агенттігі хабарлады.

Дүмпу ошағы Бендер-Ленге қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдіктен тіркелді.

Осы аумақта жер сілкінісі алғаш тіркелген кезден екі сағат ішінде магнитудасы 4,2-ден 6,2 баллға дейін бірнеше соққылар орын алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!