Интернеттегі алаяқтар Жезқазған тұрғындарын 24 млн теңгеге тақырға отырғызды

16:02, 25 ақпан 2021

© Сурет: polisia.kz

Елордалық алаяқтар тобы Жезқазған тұрғындарын 24 миллион теңгеге сан соқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық полицияның айтуынша, 2020 жылдың соңынан бастап полиция алаяқтардың құрбанына айналған қала тұрғындарынан күн сайын шағым түсе бастаған.

Нұр-Сұлтанның үш тұрғыны өзін астаналық фирмалардың бірінің қызметкерлеріміз деп таныстырып, киіз үйлер мен моторлы шананы Интернет арқылы қолжетімді бағамен сатып алуды ұсынған. Сонымен бірге тауарды жеткізу үшін алдын-ала төлем төлеу талап етілген. Азаматтар өз есепшоттарынан оларға 300 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша аударды. Бүгіндері Жезқазғандағы осындай 80 факт тіркелді. Зардап шеккендердің жалпы шығыны шамамен 24 миллион теңгені құрайды, деп хабарлады полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері - 26 мен 28 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады. Олар өз кінәсін мойындады.

Алаяқтарға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу жүріп жатыр, - деді полиция.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!