Индустрия министрлігі «қашқын» қызметкеріне қатысты түсініктеме берді

10:47, 26 қазан 2020
281

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі коронавирусқа байланысты анықтама қағазы болмағандықтан карантинге жатқызылуы тиіс өз қызметкерінің әуежайдан қашып кетуіне қатысты оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрлік қашқынның өз ведомства қызметкері екенін растады.

- Қызметкерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тәртіптік жаза қолданылады, деп атап өтті баспасөз қызметі.

23 қазанда Мысырдан ұшып келген Нұр-Сұлтанның екі тұрғыны анықтама қағазы болмағандықтан карантинге орналастыру үшін әуежайдан автобусқа отырғызған кезде қашып кеткен.

Кейіннен қашқан адамдардың ерлі-зайыпты екендігі белгілі болды. Олардың бірі - ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мемлекеттік қызметкері. Сонымен қатар, оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!