Индонезия зинақор азаматтарын соттап, түрмеге тоғытпақ

12:54, 4 желтоқсан 2022
119

© Сурет: pixabay

Индонезия Парламенті осы айда некеден тыс жыныстық қатынасқа түскендерге бір жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратын жаңа Қылмыстық кодексті қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cонымен қатар заңнамалық реформа Президентті немесе мемлекеттік институттарды қорлауға және Индонезияның мемлекеттік идеологиясына қайшы келетін кез-келген көзқарасты білдіруге тыйым салады. Көңілі жарасқандардың некеге дейін бірге тұруына да тыйым салынады, деп хабарлайды CNN.

Енгізілетін түзетулері мен өзгерістері ондаған жылдар бойы талқыланып келген жаңа Қылмыстық кодекс 15 желтоқсанда қабылданады, деп мәлімдеді Индонезия Әділет министрінің орынбасары Эдвард Омар Шариф Хиариедж Reuters агенттігіне.

"Бізде Индонезия құндылықтарына сай келетін Қылмыстық кодекс бар екенін мақтан тұтамыз", - деді ол.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!