Иманғали Тасмағамбетов елші қызметінен кетіп жатыр - дереккөз

19:50, 9 желтоқсан 2019
538

Иманғали Тасмағамбетов Ресейдегі Қазақстан елшісі қызметінен кетті. Бұл туралы Telegram-ға саясаттанушы Ербол Еділов жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Кейбір мәліметтер бойынша, Иманғали Тасмағамбетов Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен кетеді және зейнет жасына жетуіне байланысты лайықты демалысқа шығады", - деді Еділов.

Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметте 2017 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!