Ілияс Оспанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

18:55, 30 қаңтар 2023
174

© Сурет: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ілияс Есетұлы Оспанов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ілияс Оспанов 1986 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Лондон империялық колледжін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2008 жылы "Астана су арнасы" МҚК инженері болып бастады.

2011-2012 жылдары – "Астана су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы МҚК өндірістік-техникалық бөлімінің 1-санаттағы инженері.

2012-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінде сарапшы болып жұмыс істеді.

2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болды.

2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2016-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2018-2020 жылдары – ҚР және Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын басқару тобы директорының орынбасары.

2020-2021 жылдары – "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ президенті.

2021 жылы "QazInnovations" ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылғы қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!