Іленің сазанын электроқармақпен аулаған Қапшағай тұрғыны ұсталды

17:43, 16 мамыр 2020

Қапшағай тұрғынының 85 килограмнан астам сазанды тыйым салынған әдіспен ауғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз балық аулаған күдіктіні табиғат қорғау полицейлері ұстады.

Тәртіп сақшылары балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы облысы аумағында арнайы шараларды тұрақты жүргізеді. Осындай шаралар барысында құқық бұзуға бейім тұлғалардың табиғат қорғау заңнамасының талаптарын өрескел бұзу деректері әшкереленеді және қолданыстағы заңға сәйкес қатаң жазаланады.

Іле өзенінің арнасын кезекті рет бақылау кезінде "Қапшагай-Қазақстан" автожолының 19-шақырымында Қапшағай қаласының 1991 жылы туған тұрғыны ұсталды. Полицейлер оның автокөлігінен жалпы салмағы 85,5 кг болатын сазан балығын тауып, заңсыз ауланған тауарды тәркіледі. Сонымен қатар, күдіктінің көлігінен резеңке қайық пен еліміздің заңнамасында қолданылуы қатаң тыйым салынған балық аулауға пайдаланылған электр тоғының құралдары табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мемлекетке 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілгені анықталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!