Хоккейшілеріміз тарихта алғаш рет Құрлықтық кубокті жеңіп алды

09:53, 14 қаңтар 2019

Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы Ирландияда өткен Құрлықтық кубоктің иегері атанды. «Арлан» соңғы шешуші матчта алаң иелері - ираландиялық «Белфаст Джайантс» командасын 3:2 Б (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен ұтты, деп хабарлайды zakon.kz, "Хабар 24" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі кезеңі 2:2 болып тең аяқталды. «Арландықтар» тарапынан Сергей Егоров пен Вадим Ермолаев алғашқы 20 минутта бір-бір шайбадан салса, үшінші таймда Кристофер Хиггинс пен Дастин Джанер есепті теңестіріп кетті.

Осылайша негізгі уақытта ойын тең аяқталды. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады.

Ал буллитте арландықтар мергендік танытып, Құрлықтық кубоктың иегері атанды. Айта кетейік, «Арлан» қазақстандық клубтар тарихында Құрлықтық кубокқа қол жеткізген алғашқы команда.

Матч shaiba.kz сайтында тікелей көрсетілді.

Көкшетаулық команда жарыстың финалында Польшаның «Катовице» командасын 4:2, Беларусьтің «Гомель» командасын 8:2 есебімен жеңді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!