ХҚО-ларда көлік тіркеу уақытша тоқтатылды

10:27, 26 мамыр 2020
335

Ағымдағы жылдың 26 мамырында құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және "Электронды үкімет" порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады, деп хабарлайды zakon.kz Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданатын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!