ХҚО-лар қызмет көрсету уақытын қысқарту арқылы қазақстандықтарды көбірек қабылдайтын болады

16:02, 29 шілде 2021
159

© Сурет: "Азаматтарға арналған үкімет"

ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес еліміздің ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала брондау бойынша қабылдайды. Сондай-ақ жұмыс кестесі қысқартылған, фронт-офистер мемлекеттік қызметтерді таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін ұсынатын болады.

Еліміздің барлық облысында ХҚО-лар бес күндік жұмыс кестесіне өтті, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Осы шараларға байланысты ХҚО-лардың бір күнде қабылдауы мүмкін азаматтардың саны шектеліп отыр. Халықтың көпшілігін қамту және брондау мүмкіндігін қолжетімді ету мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерде қызмет көрсету уақытын 20 минуттан 15 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.

Бұл брондауға болатын слоттардың санын 25%-ға арттырды. Нақты айтқанда, бір қызметкер бір сағат ішінде 4 клиентке қызмет көрсете алатын болды. Ескі брондау жүйесі кезінде сағатына үш уақыт слоты қолжетімді еді, қазір төртке жетті.

Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін ескі уақыт слоттары бойынша кезекке тапсырыс берген клиенттер мен жаңа слот бойынша тапсырыс бергендердің уақыты қатар келуі мүмкін. Біз мұны алдын ала болжап отырмыз, мұндай мәселелер бөлімде бірден реттеліп отырады. Бұл жағдайды тұрақтандыру үшін бірнеше күн қажет, өйткені брондау процесі жаңа уақыт слоттары бойынша жүргізіледі. Бірнеше күннің ішінде жүйе өз қалпына келіп, ХҚО-лар барша халықты қабылдай алады және мемлекеттік қызметті алу процесі ыңғайланады" - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Азаматтарды ХҚО-ға барған кезде санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз. Ғимаратқа кіру "Ashyq" қосымшасы бойынша жүзеге асырылады.

ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!