Халықаралық валюта қоры жаһандық инфляция баяулайды деп болжады

10:47, 31 қаңтар 2023

© Сурет: pixabay

Халықаралық валюта қоры әлемдік инфляция 2023 жылы 6,6%-ға, 2024 жылы 4,3%-ға дейін төмендейді деген болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инфляция пандемияға дейінгі деңгейден әлдеқайда жоғары деңгейде қалады, делінген қаржы институтының Facebook-тегі жазбасында.

"Жаһандық инфляция 2022 жылғы 8,8%-дан 2023 жылы 6,6%-ға және 2024 жылы 4,3%-ға дейін төмендейді, бұл пандемияға дейінгі шамамен 3,5% деңгейден әлі де жоғары", – делінген жазбада.

Экономиканың баяу өсуіне жоғары инфляция, әлемдегі шиеленісті жағдай және 2022 жылы Қытайдағы коронавирустың өршуі әсер етті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!