Халық шынымен де көшеге шықты – Тоқаев Euronews-ке сұхбат берді

14:01, 14 маусым 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі наразылықты халықтың кедейлігімен байланыстыратынын, бұл жолы биліктің халық талабын "естігенін" айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

– Наразылық шерулеріне келсек, халық шынымен де көшелерге шықты. Қазір олардың талаптары сарапқа салынуда. Негізінен әлеуметтік сипатағы талаптар қойылуда. Мен елде әлеуметтік қиындықтар бар екенін жоққа шығармаймын. Халық негізінен кедейліктен қиналуда. Билік ол талаптарды естіді. Енді жұмыс істейміз", – деді Тоқаев Euronews-ке берген сұхбатында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!