Хакерлер Финляндия парламенті сайтына «достық» ниетпен кіріп-шығып, бұзып кеткен

22:49, 9 тамыз 2022
144

© Сурет: pixabay

NoName057 хакерлік тобы Финляндия парламентінің сайтын бұзып кетті. Қазіргі уақытта сайтқа кіргенде "Сервистің IP-мекенжайын табу мүмкін емес" деген хабарлама пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Билігі НАТО-ға мүшелікке көп ұмтылатын көрші Финляндияға "достық" ниетпен бас сұға кетуді ұйғардық, сөйтіп ел парламенті сайтының ішкі авторизациялау сервисін бүлдіріп алдық, деп келтіреді РИА Новости хакерлер сөзін.

Финляндия парламенті хакерлік шабуыл фактісін растағаны да айтылады.

Қызмет көрсетуден бас тарту" түріндегі шабуыл Парламенттің сыртқы ресурстарына қарсы бағытталған. Шабуыл сейсенбіде, 9 тамызда сағат 14:30 шамасында басталды. Парламент қызметті орнатушылармен және киберқауіпсіздік орталығымен бірге аталған шабуылды тыю үшін шаралар қабылдап жатыр, делінген Парламенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!