«Хайвилл Қазақстан» компаниясы Түркістанда жұмыс істеуге ниеттi
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады. Кездесуде екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
— Түркістан қаласын дамыту Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұр. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Қазірдің өзінде Түркістанда ғимараттар салуға көптеген компаниялар қызығушылық танытып жатыр. Сіздерді де бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Келіссөзіміз сәтті аяқталса, жер беріліп, инфрақұрылым тартылады. Заман талабына сай нысандарды салуға мүмкіндіктеріңіз бар, — деді облыс әкімі.
«Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Канг Түркістан қаласында түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салуға ниетті екенін жеткізді. Кездесуде облыс әкімдігі мен компания басшылығы алдағы уақытта да келіссөздерді жалғастыру жөнінде уағдаласты. Жиыннан соң кореялық компания өкілдері Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жобалар мен жоспарлармен танысты.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:02, 19 сәуір 2024
Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытуда. Бірден 2 қылмыстық іс қозғалды
-
13:35, 19 сәуір 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
-
13:20, 19 сәуір 2024
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
-
12:42, 19 сәуір 2024
Тоқаев: «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ»
-
12:31, 19 сәуір 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 19 сәуірдегі валюта бағамы