«Хабар» агенттігінің құрамында жаңа «ЕЛ АРНА» телеарнасы пайда болды

18:03, 27 наурыз 2017

Телеарна эфирінен тек қазақстандық өндірістегі деректі жобалар, шығармашылық ленталар мен сериалдар берілетін болады.

Арнаның бағдарламасы әртүрлі жылдардың кинотаспаларын ұсынатын болады: «Қазақфильм» классикасынан бастап заманауи кинопремьераларға дейін, сондай-ақ мұрағаттық және көпшілікке аса мәлім бола қоймаған фильмдер. Арнаның эфирін отандық шеберлердің телехикаялары толықтырады.

Телеарнаны іске қосу салтанатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол өз құттықтау сөзінде «ЕЛ АРНА» кең ауқымды ортада мәдениетті, тарихты және өнерді әйгілеу аясында маңызды жоба болып табылады деп атап өтті. «Сондай-ақ бұл – жас таланттарға өз туындыларын ұсыну үшін керемет мүмкіндік. Жаңартылған арнаның көрермендер көңілінен шығатынына сенімдімін», – деді.

«Хабар» агенттігінің басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова: «Толық метр эфирлік уақыттың 80 пайызын іс жүзінде заманауи фильмдер, «Киноның алтын қоры» сериясынан таспалар, халықаралық кинофестивальдердің фильм-қатысушылары мен жүлдегерлері құрайды. Эфирдің маңызды рөлін деректі фильмдер атқарады. Өйткені арнаның міндеті – кинематографтың жанрын кең аудиторияға таратып көрсету және көрермендер арасында талап етілгендей күш-жігерін салу», – деп атап өтті.

Айта кетейік, «ЕЛ АРНА» киноарнасы «Хабар» агенттігінің телеотбасында «Хабар», «Хабар 24» және «Kazakh TV» телеарналарымен бірге төртінші болып хабар таратады.

«Galam TV» интернет-теледидары порталының, «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік операторы желісінің абоненттері телеарнаны тегін пакет құрамында 37-арнадан, сондай-ақ бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында қолжетімді сандық жерсеріктік хабар таратудың екінші мультиплексінен қарай алады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!