«Хабар» Агенттігі 22 қазан күні БАҚ арасында шағын футболдан турнир өткізеді

09:59, 20 қазан 2017
435

Үшінші жыл қатарынан «Хабар» Агенттігі өзінің туған күніне орай әріптестерімен шағын футболдан республикалық турнир өткізбекші.

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен ұжым бұл шараны жақсы дәстүрге айналдырған. Осыған дейін Астанада «Хабар» Агенттігінің бастамасымен екі турнир өтті. Біріншісі арнаның 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Дебюттік турнир еліміздің үздік және беделді университеттерінің бірі Назарбаев Университетінде өткен болатын. Турнирдің алғашқы жеңімпазы – «BaqOrda» командасы. Екінші жылы турнир Астана Арена стадионында өтті. Бұл жолы «ЖасStar Production» командасы жеңімпаз атанды.

Биылғы жылы да «Хабар» Агенттігі 22 қазан күні Астана Аренада БАҚ қызметкерлері арасында «KHABAR CUP-2017» республикалық шағын футбол турнирін өткізеді.

Қазірдің өзінде 16-дан астам бұқаралық ақпарат құралдары, теле және радиоарналардың 200-ден астам журналистері мен интернет-порталдар қызығушылық танытып, қатысатындарын жеткізді.

Турнирдің қатысушылары 4 топқа бөлінеді. Олар ширек финал мен жартылай финалға, ақтық матчқа және 3-орынға арналған жұбаныштық матчқа қатысады.

Турнир «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарында кеңінен таратылады.

Барлық ойын 22 қазан күні өтеді. Матчтардың басталуы сағат 09:00-ға жоспарланған. Ашылу салтанаты сағат 11:00-де басталады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!