Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды

11:07, 20 тамыз 2019
386

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысқалы жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

- Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын, - делінген Президент жарлығында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!