Гукеш Доммараджу Каспаровтың рекордын жаңартты және 18 жасында шахматтан әлем чемпионы атанды
© Сурет: Instagram/fide_chess
18 жастағы үнді гроссмейстері Гукеш Доммараджу Қытай өкілі Дин Лиженді жеңіп, Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Доммараджу шахматтан 18-ші әлем чемпионы болды.
"Армандарымның бірі орындалды, сондай бақыттымын. Менің мансабымның мақсаты - мүмкіндігінше бірінші болу. Мансабым енді басталды, бар болғаны айналысқаныма 10 жыл болды. Әлбетте, әлем чемпионы болу менің әлемдегі ең үздік екенімді білдірмейді, әлі Магнус Карлсен бар. Мен оған қарсы өз күшімді сынап көргім келеді". Гукеш Доммараджу
Қорытынды есеп бойынша, үндістандық шахматшы 7,5 - 6,5 есебімен өз қарсыласын жеңді. Осылайша әйгілі Гарри Каспаровтың рекордын бұзды.
Аты аңызға айналған кеңестік гроссмейстер 1985 жылы 22 жасында шахмат королі болған болатын.
Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч 25 қарашадан бері Сингапурда өтті.
Бұған дейін "Астананың" өз алаңында "Челсиден" ұтылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:37, 13 желтоқсан 2024
Ақтөбе облысының әкімі Перизат Қайртқа қатысты даудан кейін тексеру жүргізілетінін жоққа шығармайды
-
17:47, 13 желтоқсан 2024
Медициналық ұйымдардың қызмет көрсету сапасына қарай рейтинг енгізілмек
-
17:40, 13 желтоқсан 2024
Футболдан ӘЧ-2026: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды
-
17:26, 13 желтоқсан 2024
«Кейбір өңірде қардың арты жаңбырға ұласады». Еліміздің басым бөлігінде қар жауатыны болжанады
-
17:16, 13 желтоқсан 2024
Қазақстан банк секторының салалық және елдік тәуекелдер рейтингісінде өз позициясын жақсартты