Грузиядағы қазақ қызының өлімі: БАҚ-та күдіктіден алынған жауап жарияланды

16:28, 14 мамыр 2021

© Сурет: Хабар 24

БАҚ-тарда қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлады және өзін-өзі өлтіруге итермеледі деп күдікке ілінген Грузия тұрғыны Бесик Тордуадан алынған жауаптың көшірмесі жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Азаттық" радиосы Асель Айтпаева қайтыс болғаннан соң 20 сағат өткенде Бесик Тордуадан алынған жауаптың көшірмесіне қол жеткізе алды. Жауап алу кезінде Тордуа сәуірдің басында өзінің қазақстандық серіктестерімен бірге "Қазтрансавто" компаниясын құрғанын айтады. Оның айтуынша, Әсел Грузияға 27 сәуірде келіп, жездесі Мұрат Мейірбековтің үйіне қоныстанған. 30 сәуірде қыз Тордуаға жездесінің өзін екі рет зорлағанын айтады. Тордуа оған үйіне көшіп келуді ұсынады. Күдіктінің сөзіне қарағанда, Әсел осы оқиғадан кейін күйзеліске түсіп, бірнеше күн бөлмесінен шықпаған. Бірақ 4 мамырда өзара келісім бойынша олардың арасында жыныстық қатынас болған. Ол жуынатын бөлмеден шыққан кезде Әсел пәтерде болмаған:

Мен не болғанын түсінбей, шошып қалдым. Дереу балконға жүгіріп барып, төменге қарасам, жерде Әсел жатыр. Оның құлап түскенін (кездейсоқ) немесе секіріп кеткенін дөп басып айта алмаймын. Бұл мен үшін шок болды. Дереу киіндім. Барлығы бірнеше секундта болды. Басыма жылт етіп келген бірінші ой, Әсел екеуміз жыныстық қатынасқа түскендіктен, мұндай жағдайда бірінші күдік өзіме түсуі мүмкін ғой деп қорықтым. Бірақ бәрібір төменге түсуге бел будым, кенет ол тірі шығар деген оймен. Төмен түскенімде, Әселдің денесі жатқан биік қоршаудың арғы жағында жерге өте алмадым. Әсел деп атын атап, шақырмадым. Тек барынша жақындап, тың-тыңдадым. Көмек сұрап жатқан жоқ па деп. Осылай 2 минуттай тұрдым, бірақ ешқандай дыбыс естімедім.

Жауап алу кезінде Тордуа бұдан кейін үйге оралып, заттарын жинастырып, Зугдиди қаласына кетуге шешім қабылдағанын айтты. Ол қызды қорқытпадым, қорламадым, оған қарсы күш қолданбадым деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз 9-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Оның туысқан апайы қайтыс болғанға дейін қыз досына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтты. Аудиожазбада белгісіз ер адамның оны өлтіретінін айтып, қорқытып жатқан әмірлі дауысы естіледі.

Тергеу барысында Грузия азаматы Бесик Тордуа ұсталды, ол зорлау және суицидке итермелеу айыбымен айыпталуда. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс тағы бір адам бар. Ол - қызды Грузияға жұмысқа шақырған Қазақстан азаматы, Әселдің туысы. Оның Грузиядан кетіп қалғаны туралы хабарланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!