Google іздеу жүйесі істен шықты

14:57, 9 тамыз 2022

© Сурет: pixabay

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 7:12-де Google-дің іздеу жүйесі істен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Downdetector.com. онлайн бақылау сайтының мәліметі бойынша дүние жүзінде 40 мың адам осыған байланысты шағым түсірген.

Мәлім болғандай, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Африка, Кения, Израиль, Оңтүстік Америка, Еуропа мен Азия елдеріндегі тұтынушылар іздеу серверін сол мезетте қолдана алмай қалған, деп жазады «Хабар 24» арнасы.

Сондай-ақ Google-ге қарасты джимайл мен гугл мапстың жұмысы бәсеңдеді. Әзірге компания бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!