Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

12:37, 18 қаңтар 2019
296

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары – орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альварес пен IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобс рингте кездеседі. Үздік боксшылардың арасында жекпе-жек 2019 жылдың 4 мамырына жоспарланған.

Алдағы жекпе-жек туралы боксшылардың өздері мәлімдеді. Дегенмен қай қалада және қандай аренада өтетінін хабарлаған жоқ, деп жазды sputniknews.kz.

"Синко Де Майо қарсаңында келесі жекпе-жегімді өткізетінімді қуана хабарлаймын. Жеңімпаз атанатыныма күмән келтірмеймін, сонда орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына бар-жоғы бір қадам қалады", — деп мәлімдеді Сауль "Канело" Альварес.

Ал америкалық Дэниэл Джейкобс бұл кездесуді көп күткенін және жеңісті қолдан бермейтінін айтты.

"Бұл мүмкіндікті көп күттім. "Канелоны" жеңетініме әрқашан сендім, 4 мамырда оны дәлелдеуге мүмкіндік аламын", — деді Джейкобс.

Айта кетейік, бұған дейін екі боксшы да бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. 2018 жылдың қыркүйегінде екінші жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес GGG-ді жеңіп, барлық белбеуін тартып алды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!