Головкинге реваншты жарты жылға кейінге шегеру ұсынылды

10:59, 20 наурыз 2018
306

Boxingnews24.com журналисті Крис Уильямс Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реванш алдында мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг-сынамасының оң нәтиже беру мәселесін қалай шешуге болатынын айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Невада штатының атлетикалық комиссиясы «Канелоны» кінәлі деп тапса да, реваншты жаздың соңына дейін кейінге қалдыру керек. Ең жақсысы - ойынның тең екеніне көз жеткізу.

«Канело» осы сәттен бастап жазға дейін немесе қыркүйекке дейін үнемі допинг-сынамадан өтіп тұруы тиіс. Дәл қазір ол Головкиннен әлеуетті басымдыққа ие. Сондықтан, дәрінің күші толықтай кеткеніне көз жеткізу үшін жекпе-жекті төрт-алты айға кейінге шегеруі керек. Головкин «Канелоны» лагерьге дейін тексерулерін сұрауы тиіс, сонда ғана ол доппинг алаяқпен жұдырықтасып жатпағанына сенімді болады», - деп жазды Крис Уильямс.

Еске салайық, Головкин - Альварес реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!