Головкин промоутері Том Леффлермен келісімді үзді

14:38, 3 қаңтар 2019
255

Танымал журналист және ESPN телеарнасының комментаторы Дэн Рафаэль Туиттерде Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қолданушылардың бірі Рафаэльден GGG-дің неліктен жыл соңына дейін телесеріктес таппағанын сұрады.

«Ол мұны істемегені анық. Леффлер жыл соңына дейін телесеріктес таңдаймын деген еді, енді Головкин онымен бірге жұмыс істемейді», - деп жауап берді шолушы.

Еске салайық, 2018 жылдың соңында Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр да Геннадийдің Леффлердің қызметінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлаған еді.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!