Головкин Қазақстан мен Ресейге жасаған сапарынан кейін АҚШ-қа оралды

12:06, 23 шілде 2018
269

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин командасымен бірге Лос-Анджелеске оқу-жаттығу жиындарын жалғастыру үшін оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лос-Анджелеске қазір ғана қондық. Абель Санчес, Геннадий Головкин және Али Ахмедов - барлығы да Мәскеуге барып қайтқаннан кейін LA-ға келді", - деп жазды Головкиннің промоутері Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматыға келді. Жерлеу рәсімінен кейін Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалын тамашалады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!