Головкин - Альварес қарымтасынан қанша табыс түскені белгілі болды

17:02, 25 қыркүйек 2018

Қазақстандық боксшы Геннадий головкин мен Сауль Альварес арасында Лас-Вегастың T-Mobile аренасында 15 қыркүйекте өткен екінші жекпе-жектің билеттер сатылымы мен ақылы трансляциялардан түскен табыс мөлшері есептелді, деп хабарлайды Хабар 24.

Невада штатының Атлетикалық комиссия мәліметінше, билеттер сатылымынан - 23 473 500 доллар түскен. 16 732 билет сатылған, ал 1 451 билет тегін берілген.

Ақылы трансляциялар көрсеткіші 1,1 миллион PPV болған. Осылайша, ақылы трансляциядан кемінде 94 миллион доллар табыс түскен.

Екінші кездесудің табысы олардың бір жыл бұрынғы жекпе-жегінен әлдеқайда төмен. Ол кезде PPV сатылымы - 1,3 миллион, ал билеттер сатылымынан 27 059 850 доллар табыс түскен. Алайда PPV сатылымдары аз болғанына қарамастан қаражат мөлшері бойынша реваншта көбірек қаражат түскен.

Альварес пен Головкин екінші кездесу үшін кепілдендірілген 5 миллион доллар алады, сонымен қатар WBC президенті Маурисио Сулейманның мәліметінше, мексикалық боксшы – 30 миллион доллар, ал қазақстандық – 20 миллион доллар алады екен.

Айта кетейік, 15 желтоқсанда Лас-Вегаста Геннадий Головкин төрешілер шешімі бойынша Сауль Альварестен жеңілді. Мексикалық боксшы қазақстандықтың WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алды. Екінші кездесуден соң Головкин де Альварес те үшінші рет шаршы алаңда кездесу өткізуге дайын екендерін мәлімдеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!