Головкин алғаш рет балаларының суретін желіге жүктеді

15:51, 8 сәуір 2021
499

© Сурет: Instagram

39 жастағы бокстан әлем чемпионы - қазақстандық Геннадий Головкин әлеуметтік желіде әйелі мен балаларының суретін алғаш рет жүктеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дегенмен олар суретке теріс қарап түскен екен.

Мен өзімді бақытты сезінемін. Маған ең қымбатты адамдар - қазір менімен бірге. Өз-өзімді туған күніммен құттықтап қояйын, - деп жазылған фотосуреттің астындағы жазбада.

Геннадий мен Алинаның үш баласы бар екені белгілі: 12 жасар ұлы Вадим (2009 жылы сәуірде туған), одан кейін ата-анасы атын атауды жөн көрмейтін қызы (2017 жылы қыркүйекте туған) мен тағы бір ұлы (2019 жылы қаңтарда туылған) бар.

Бүгінгі таңда Головкин Лос-Анджелестің маңында тұрады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!