Голливуд жұлдыздары тізе бүгіп Ислам дініне құрмет көрсетті.

15:59, 16 ақпан 2018

Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешітіне ат басын тіреген голливуд жұлдыздары қол жайып, беттерін сипап, Ислам дініне құрмет көрсетті деп хабарлайды zakon.kz.

Мешіттің келбетіне таңдай қаққан әртістер оның ашылу тарихынан мағлұмат алды.

Ал Халифа Алтай мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай арнайы дұға жасап, қонақтарға ақ жол тіледі. Сонымен қатар, жұлдыздарға облыстық мешіттің атынан Шығыс Қазақстан туралы сыр шертетін кітап ұсынды.

Бұдан кейін Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос және Эрик Робертс Андреев шіркеуіне ат басын бұрды. Мұнда Өскемен және Семей епархиясының епископы Амфилохий қонақтарды алтын түсті күмбезді шіркеудің тарихымен таныстырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!