Гимнастшы Елжана Таниева Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

23:15, 20 наурыз 2023

© Сурет: instagram.com/drs_kz

Бүгін Грекия астанасы Афиныда аяқталған көркем гимнастикадан Әлем кубогында қазақстандық Елжана Таниева ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның жаттығуына төрешілер 31.550 балл берді.

Елжана алтын медаль алған германиялық Маргарита Колосова (31.800) мен күміс жүлдегер өзбекстандық Тахмина Икромовадан (31.700) сәл ғана қалып кетті.

Сонымен Елжана лентамен финалда өнер көрсетіп, 4-сатыға тұрақтады (28.650 ұпай). Әлем кубогында тағы бір қазақстандық Айбота Ертайқызы іріктеуде 14-орын алып, финалға шыға алмады.

Айта кетейік, мұнда барлығы 13 елдің гимнасты сынға түсті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!