Г.Әбдіқалықова Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараға қатысты.
Салтанатты іс-шара қазақтың ұлы биінің туған жері – Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ аулында өтті.
Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар Қазыбек би ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен бірге Қарағанды облысының шығармашылық ұжымдары әзірлеген «Қаз дауысты Қазыбек би» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді. Онда Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз ұлтымыздың тарихында есімі алтын әріппен жазылған қайраткер тұлға екені атап өтілді. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт әрі өркендеген Қазақстан – ата-бабаларымыз арманының орындалғанының белгісі. Осының бәрі халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасы. Біз – өткенімізді қастерлеп, бүгінімізді қадірлей отырып, болашаққа зор үмітпен қол созамыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру арқылы тарихымызды, мәдениетіміз бен ұлттық жадымызды жаңғыртып, одан әрі байытатын боламыз.
Іс-шара аясында Қазыбек биге арналған халықаралық айтысқа қатысушы ақындар арнау шығарып, еліміздің танымал әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Шара қазақ күресі және аламан бәйге сияқты спорт жарыстарымен жалғасты.
Сондай-ақ, 30 тамызға дейін Қарағанды облысы аумағынан Қызылорда, Түркістан, Тараз, Шымкент қалалары арқылы жүріп, Өзбекстанның Ташкент, Науаи қалаларына дейін баратын «Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: бабаларға тағзым!» атты халықаралық автокеруен жолға шықты.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 25 сәуір 2024
Қазақстанда ТЖМ техникалық базасы жаңартылады
-
13:20, 25 сәуір 2024
Президент су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге қатаң мерзім қойды
-
13:08, 25 сәуір 2024
Мемлекет басшысы қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімді
-
12:45, 25 сәуір 2024
Тоқаев ел азаматтарын өзгелердің ақпараттық майданына араласпауға шақырды
-
12:28, 25 сәуір 2024
Президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты