«Газпром» Финляндияға газ тасымалдауды тоқтатты

© Сурет: pixabay
Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартқан болатын. Поляктың PGNiG және Болгарияның "Булгаргаз" компаниялары да осындай ұстанымда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Газпром 21 мамырдан бастап Gasum компаниясы рубльмен төлем жасаудан бас тартуына байланысты Финляндияға газ айдауды тоқтататынын жеткізді, деп хабарлайды "Московский Комсомолец".
"Газпром экспорт" 2021 жылы Gasum компаниясына 1,49 миллиард текше метр газ тасымалдады, бұл көлем Финляндиядағы газ тұтынысының 2/3 бөлігін құрады.
Бұған дейін фин компаниясы ресейлік газды сатып алуда жаңа төлем жүйесіне өтуден бас тартып, "Газпромды" сотқа беретінін хабарлады. Поляктың PGNiG және Болгарияның "Булгаргаз" компаниялары да дәл осылай әрекет етті. Салдарынан "Газпром" Польша мен Болгарияға да газ тасымалдауды тоқтатты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:52, 30 маусым 2022
Шомылу маусымы басталғалы бері Сайран көлінен 8 адам құтқарылды
-
23:24, 30 маусым 2022
«Үй алып беремін». Алаяқ келіншек көптің 20 млн теңгесін алдап алған
-
22:34, 30 маусым 2022
Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатына қатысты тың мәлімет жарияланды
-
22:13, 30 маусым 2022
Адам саудасы бойынша айыпталған америкалық рэпер 30 жылға түрмеге тоғытылды
-
21:50, 30 маусым 2022
ОПЕК+ елдері мұнай өндірісінің қазіргі көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады