Ғабидулла Оспанқұлов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

20:08, 23 маусым 2020
427

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов берген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Парламентінде, Президент Әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген.

2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде жұмыс істеді.

2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. 2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында — Nur Otan партиясының хатшысы. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!