Футболдан Қазақстан чемпионы соңғы турда анықталады

09:16, 25 қазан 2021

© Сурет: Instagram/f.c.kairat

Футболдан Қазақстан чемпионатының 25 турында "Қайрат" пен "Астана" клубтары кездесті, деп хабарлайды zakon.kz

Vesti.kz жазғандай, турдың орталық матчында жалғыз голды 8 минутта Небойша Косович соқты. Бірінші таймның аяқталуына 3 минут қалғанда төреші Игорь Чесноковтың жұмысына көңілі толмаған қонақтар толыққанды жасыл алаңы тастап кетті. Алайда бірнеше минуттан кейін "Астана" ойыншылары алаңға қайта шықты. Үзілістен кейін Андрей Тихонов шәкірттері допқа көбірек иелік еткенімен, таблодағы есепті өзгерте алмады. Қорытынды есеп 1:0.

Осылайша "Қайрат" 50 ұпайға қол жеткізіп отыр. "Астана" болса 56 баллмен турнир кестесінің екінші сатысына түсіп қалды. Себебі "Тобыл" өз алаңында "Шахтерді" ірі есеппен ұтып, 58 ұпай еншіледі.

Енді 2021 жылдың чемпионы соңғы турда анықталады. Қазан айының 30 жұлдызы "Тобыл" қонақта "Ақжайықпен" кездессе, "Астана" өз алаңында "Тұранды" қабылдайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!