Футболдан Қазақстан чемпионы келісілген матч үшін өмір бойына спорттан шеттетілді

09:42, 21 ақпан 2018
316

Беларусь футбол федерациясы келісілген матчты ұйымдастыруға қатысқан футболшыларға, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Sports.kz ұйымға сілтеме жасап.

Санкцияға іліккен футболшылар қатарында Қазақстан Премьер-Лигасының бұрынғы екі ойыншысы - қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы қорғаушысы Андрей Порываев пен қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Александр Алумона бар. Алумона екі жылға спорттан шеттетілсе, Порываев өмір бойына «қара тізімге» кіріп кетті.

Беларусь чемпионатының келісілген матчына «Ислочь», «Лучь», «Ошмян-БГУФК» және «Гранит» футболшыларының да қатысы болған.

Андрей Порываев 2011-2015 жылдары «Шахтерде» ойнап, қарағандылық команданың құрамында екі рет Қазақстан чемпионы болған. Александр Алумона 2013 жылы «Тобылда» ойнаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!