Фрилансерлер және еңбек келісім-шарты барлар міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады

13:14, 4 қаңтар 2019

2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Заңына енгізілген түзетулер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған. Бұл туралы zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енгізілген өзгерістер осы санаттағы жұмыс істейтін азаматтардың, депутаттық корпус өкілдерінің, бірқатар заңды тұлғалардың, «фрилансер» қызметін пайдаланып отырғандардың басым бөлігінің пікірін назарға алып отыр.

Қабылданған заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру үшін 2019 жылдың бірінші тоқсанында тиісті Ережелерге өзгерістер енгізілетін болады. Өзгерістер қабылданған сәттен бастап, жалдамалы жұмысшы ретінде қос қызметте жүрген азаматтар (яғни жеке еңбек келісім-шартын жасау аясында) және азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша жұмыс істеп жүргендер немесе қызмет көрсетіп жүргендер, табыс көзінен міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады.

Азаматтық-құқықтық негізде келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарнасын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар төлейтін болады. Олар салық агенті ретінде «фрилансерлер» үшін жеке табыс салығын есептеп, төлейтін болады.

Сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жатқандар, жеке тұлғалармен келісімге отырған жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқы сақталады. Олар өз бетінше де міндетті зейнетақы жарнасын төлей алады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!