Францияда құрғақшылыққа байланысты сүт өнімдерінің бағасы қымбаттауы мүмкін

21:32, 9 тамыз 2022
154

© Сурет: pixabay

Сарапшылар фермерлердің мал азығы тапшылығына ұрынуына байланысты осындай болжам жасады, мұның барлық сүт өнімдері өндірісіне әсер ететіні айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы бірнеше айда байқалған сүт өнімдері бағасының өсімі алда да жалғаса береді, деп BFMTV телеарнасы ұлттық кәсібиаралық сүт экономикасы орталығының (Cniel) экономикалық директоры Бенуа Руйенің сөзін келтіреді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта фермерлер мал басын азайтуға мәжбүр болады, өйткені сауын сиырларына арналған азық бағасы мамыр айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,9%-ға өскен.

Жоғарыда аталған барлық факторлар сүт өнімдері бағасына теріс әсер ететіні баса айтылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!