Францияда көшеде бетперде тақпауға рұқсат етіледі

© Сурет: pixabay
Францияда 2 ақпаннан бастап көшеде қорғаныс маскаларын міндетті түрде тағы туралы талап жойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен қатар елде 24 қаңтарда “Вакциналық рұқсатнама” туралы заң күшіне енеді, ол қоғамдық орындарға, соның ішінде көлікке кіру кезінде талап етіледі. Түнгі клубтар 16 ақпанда ашылады. Соңғы айда Францияның миллионнан астам тұрғыны шектеулерді күшейту аясында вакцинаның алғашқы дозасын алды.
Франциядағы мұғалімдердің ретсіз санитарлық шараларды енгізуге қарсы ұйымдастырған екінші ереуілі қолдау таппады. Білім министрлігінің мәліметінше, оған педагогтардың 2%-ға жуығы қатысты. Дүйсенбіден бастап 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер ревакцинациядан өте алады.
Франция премьер-министрі Жан Кастекс ақпан айындағы демалыстан кейін мектептердегі шектеулерді жеңілдетуге уәде берді.
Ал Австрияда коронавирусқа қарсы вакцинана салдыру міндеттелді. Австрияның Ұлттық кеңесі көпшілік дауыспен елдің барлық тұрғындарына ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заң қабылдады.
Осылайша, Австрия ЕО-да коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті болатын алғашқы ел болады. Наурыздан бастап вакцинациядан өтпегендер айыппұл төлеуі мүмкін, оның ең аз мөлшері — 600 евро. Сондай-ақ ел билігі вакцинация үшін ұтыс ойынын ұсынуды жоспарлап отыр. Лотереяның әрбір оныншы қатысушысы 500 еуроға ақша купонын ұтып ала алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 26 мамыр 2022
Маймыл шешегі келесі пандемияны жариялауға түрткі болып жүрмей ме – ДДСҰ жауабы
-
23:36, 26 мамыр 2022
Алимент төлемей жүрген үш қостанайлық қылмыстық жауапкершілікке тартылды
-
22:50, 26 мамыр 2022
Молдованың экс-президенті 30 күнге үйқамаққа алынды
-
22:40, 26 мамыр 2022
Алматы маңында жер сілкінді
-
21:55, 26 мамыр 2022
Екібастұзда балаларына жақтасып, қызыл кеңірдек болған әйелдерге айыппұл салынды