Фахриддин Қаратаев: Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін маңызды бастама

15:00, 20 қыркүйек 2017
775

Латын әліпбиіне көшу - мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі.

Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев осылай дейді. 

Қаратаевтың айтуынша, бұл жастардың жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне жасалған қадам екендігін ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет. Осы орайда Елордада Өзбек этно-мәдени орталығы жастар қанатының отырысы өтті. Мұнда латын әліпбиіне көшу арқылы жаңа ақпараттық кеңістікке жол ашылатындығы сөз болды.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

-Астана қаласында оқып жатқан өзбек этносының балаларымен, жастарымен кездесу ұйымдастырып, латын әліппесіне көшу мәселесін талқылаған болатынбыз. Осы мәселе бойынша бүгін жастармен өзіміздің ой-пікірімізбен, жастарға кішкентай болса да өзіміздің серпінімізді тигізіп, бұл мәселені жастарға толыққанды түсіндіріп берсек деймін.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!