Facebook Ресейде жыл соңына дейін бұғатталуы мүмкін

15:37, 19 сәуір 2018
259

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Роскомнадзор басшысы Александр Жаров 2018 жылдың соңына дейін Ресейде аумағында Facebook-тің бұғатталуы мүмкін екенін айтты деп жазады «Известия». 

“2018 жылдың соңына дейін біз Facebook-ті тексерістен өткіземіз. Олар орындауы тиіс бірнеше пункт бар: Ресей азаматтарының деректерін Ресей аумағында локализациядан өткізу және тыйым салынған барша ақпаратты өшір. Олар біздің талаптарды айтылған мерзімінен кешіктіріп жатыр. Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса онда бұғаттау мәселесі туындайды”,-деді Александр Жаров.

Журналистердің Телеграмның бұғатталуына қатысты сауалына ол “Телерграмды терорристер қолданады” деп жауап берді.

Айта кетейік, 13 сәуірде Ресейде сот Телеграмды мемлекет аумағында бұғаттау туралы шешім шығарған еді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!